Хоккей: «Барыс» Ресейде «Локомотивтен» басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Локомотив» (Ярославль) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда бұған дейін 25 мәрте кездесті. Оның 8-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде он ойыннан 9 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 16-орында келеді. Ал он ойыннан кейін 13 ұпай жинаған «Автомобилист» 8-орынға жайғасқан.

Екі команда тартысты ойын өткізді. Бірінші және екінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Төрешілер бұл кезеңдерде қазақстандық клуб хоккейшілерін жиі айдыннан қуды. Соған қарамастан «Барыс» өз қақпасын голдан аман сақтай алды.

Үшінші кезеңде де таблодағы есеп өзгерген жоқ. Осылайша есеп 0:0 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертмайда да есеп өзгеріссіз қалды. Буллитте «Барыс» жеңіске жетті.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 28 қыркүйекте Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб Ресейде «Северсталь» (Череповец) клубына жол берді.



Соңғы жаңалықтар