Хоккей: «Барыс» овертаймда ресейлік «Металлургті» жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» бүгін, 30 желтоқсанда елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын барысында елордалық хоккейшілердің басымдығы байқалып тұрды. Бірінші кезеңнің 12-минутында Мэтт Фрэттин мергендігімен көзге түсті.

Айта кетерлігі, бұл хоккейші үш кездесуде қатарынан гол соғып келеді.

Екінші кезеңде де «Барыс» хоккейшілері көбірек шабуылдады. Дегенмен кейбір сәттерде мүмкіндіктерін мүлт жіберіп алды.

Ал 23-минутта елордалық Диллон Хитерингтон есепті үстемелей түсті. Ойынның 37-минутында «Металлург» сапынан Николай Голдобин есеп айырмасын қысқартты.

Үшінші кезеңде ресейлік команда таразы басын теңестіріп кетті. Оны 59-минутта Егор Яковлев таразы басын теңестірді.

Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Мэтт Фрэттин гол соғып кетті.

Осылайша «Барыс» 2020 жылғы соңғы ойынында жеңіске жетті.

Бұдан кейін елордалық клуб турнир кестесінде 14-орынға көтерілді.

Енді «Барыс» үш ойынды сырт айдында өткізеді. Алдымен 2021 жылғы 4 және 6 қаңтарда Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасымен шеберлік байқасады. Одан кейін 8 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен ойнайды.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын «Cибирь» командасынан жеңіліп қалған еді.


Соңғы жаңалықтар