Хоккей: «Барыс» овертаймда «Металлургтан» басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында елордалық «Барыс» бүгін, 4 наурызда Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, плей-офф сатысының алғашқы ойынында ресейлік клуб 7:3 есебіме н басым түсті.
Бүгінгі кездесуде қос команда шабуылмен бірге қорғанысқа да көңіл бөлді. Нәтижесінде алғашқы екі кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына небәрі екі шайба соқты.
Ойынның 11-минутында «Барыс» хоккейшісі Кирилл Панюков өз командасын алға шығарды. Ал 28-минутта «Металлург» сапынан Андрей Нестрашил таразы басын теңестірді.
Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңіс шайбасын Даррен Диц соғып, қазақстандық клубқа жеңіс сыйлады. «Барыс» қарсыласын 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойындар сериясында есеп 1:1 есебімен теңесті.
Енді 6 және 8 наурыз күндері ойындар елордада болады. Қажет болған жағдайда қосымша ойындар 10, 12, 14 наурыз күндері өткізіледі.
Екі команда бұған дейін плей-офф сатысында екі мәрте жолықты. Оның екеуінде «Металлургтің» жолы болса, біреуінде «Барыс» аталған қарсыласын қапы қалдырып кетті.
Айта кетерлігі, «Барыс» құрлық хоккей лигасына биыл 13 мәрте қатысты. Соның он бірінде плей-офф сатысында бақ сынады. 2014, 2017, 2019, 2020 жылдарда жарыстың екінші кезеңіне шықты.
- Теннис: "Қазақстан-Аргентина" матчында таразы басы қайта теңесті
- Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
- Теннис: "Қазақстан–Аргентина" матчында Рыбакина командасын алға шығарды
- Формула-1: Әзербайжанда жарыс кезеңіне визалық режим жеңілдетіледі
-
Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің финалына шыға алмады
-
Теннис: Қазақстан – Аргентина матчында есеп теңесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам