Хоккей: «Барыс» овертаймда «Авангардты» жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 16 ақпанда өз айдынында «Авангард» (Омбы) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда бұған дейін 61 мәрте шеберлік байқасты. Оның 21-де «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Авангардтың» мерейі үстем болды.

Биыл командалар бір-бірімен екі мәрте кездесті. Қарсыластар бір-бір мәртеден жеңіске жетті. Олар бүгінге дейін плей-офф кезеңіне шығып үлгерді. Ендігі кезекте турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып, өзіне ыңғайлы қарсыласқа жолығу міндеті алдарында тұр.

Бүгінгі кездесу тартысты өтті. Есепті 6-минутта «Барыс» хоккейшісі Әлихан Әсетов ашты. Оған 9-минутта ресейлік Рид Буше бір шайбамен жауап беріп, таразы басы теңесті. Ал 30-минутта Никита Михайлис елордалық клубты тағы да алға шығарды. Ойынның 59-минутында «Авангард» ойыншысы Корбан Найт таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша кездесу овертаймға ұласты. Овертаймда Никита Михайлис жеңіс шайбасын соқты. Ойын 3:2 есебімен «Барыстың» басымдығымен аяқталды.

Енді «Барыс» 18 ақпанда елордада Ресейдің «Автомобилист» командасын қабылдайды.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын ресейлік «Металлургтен» жеңілді.



Соңғы жаңалықтар