+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Хоккей: «Барыс» оқу-жаттығу жиынын бастады

2020 жылғы 5 тамыз 22:11
Бөлісіңіз:
Хоккей: «Барыс» оқу-жаттығу жиынын бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Хоккей: «Сарыарқа» құрамын әлем чемпионы толықтырды «Барыстың» кейінге қалған ойындары қашан өтеді

Мәлім болғанындай, «Барыс» хоккейшілері алдымен коронавирус инфекциясына байланысты сынама тапсырды. Одан кейін «Барыс-аренада» биылғы маусымдағы алғашқы командалық жиын өткізілді.

Естеріңізге сала кетелік, биыл бас бапкер қызметіне қазақстандық маман Юрий Михайлис келді. Оған Георгий Верещагин, Александр Шимин, Андрей Шаянов және Александр Ахцигер көмекшілік жасайды. Ал бапкерлер құрамында Сергей Тамбулов видео-сарапшы қызметін атқарады.

Естеріңізге сала кетелік, тамыз айының ортасында Құрлықтық хоккей лигасы клубтарының өз ойыншыларын тіркеу мерзімі басталады. ҚХЛ тұрақты чемпионаты 2 қыркүйекте жалауын көтереді. «Барыс» 2008 жылдан бері аталған жарысқа қатысып келеді. Оған алдағы маусымда қатыса ма? Бұған байланысты команда басшылығы әзірге нақты жауап берген жоқ.

«Барыс» оқу-жаттығу жиынын шілде айының соңғы онкүндігінде бастауды жоспарлаған болатын. Дегенмен елімізде карантин шараларының күшейтілуіне байланысты ол белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Сондай-ақ, 7-11 тамыз күндері елордада ұйымдастырылуы жоспарланған Президент кубогы биыл өтпейтін болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT