Хоккей: «Барыс» Мәскеуде ЦСКА командасынан 6:5 есебімен басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда турнир кестесінде әрқалай орналасқан. Ресейлік клуб алдыңғы үштікте келе жатса, елордалық команда соңғы орындарды місе тұтып тұр.

Плей-офф сатысына шығуды алдына мақсат тұтқан «Барыс» үшін әрбір кездесудің маңызы зор. Сондықтан олар аталған кездесуде жеңіске жету жолын іздейтін еді.

Кездесу тартысты өтті. Екі команда бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Үшінші кезеңнде командалар 5:5 есебімен тең тұрды.

Оны «Барыс» сапынан Кирилл Савицкий 16, Егор Петухов 29, Антон Сагадеев 40, 46, Никита Михайлис 50-минутта өзінің еншесіне жазды. Ал ресейлік клубтан Владислав Каменев 10, 50 , Никита Нестеров 19, Николай Макаров 22, Максим Мамин 39-минутта мергендік танытты.

Негізгі кезең 5:5 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Жеңіс шайбасын Никита Михайлис соқты.

Осылайша «Барыс» қарсыласын овертаймда 6:5 есебімен жеңді.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 13 ақпанда елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде мәскеулік «Динамодан» жеңілді.

Соңғы жаңалықтар