+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Хоккей: «Барыс» «Локомотивтен» есе қайтарды

2020 жылғы 4 желтоқсан 21:46
Бөлісіңіз:
Хоккей: «Барыс» «Локомотивтен» есе қайтарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 4 желтоқсанда, елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннисші Александр Бублик рейтингіде 45-орынға көтерілді ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды

Бүгінгі кездесуде командалар тартысты ойын көрсетті. Елордалық хоккейшілер ойн бастала салысымен алға қарай ұмтыла түсті. Нәтижесінде 8-минутта «Барыс» хоккейшісі Антон Сагадеев есеп ашты. Ресейлік команда бірінші кезеңде шабуылға шықты. Десе де таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде қос команда да бір-бір шайбадан соқты. Ойынның 27-минутында «Локомотив» хоккейшісі Георгий Иванов таразы басын теңестірді. Ал 37-минутта елордалық Мэтт Фрэттин қайтадан «Барысты» алға шығарды. Елордалық Линус Виддель 59-минутта бос тұрған қақпаға гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Айта кетелік, 10 қарашада елордалық клуб аталған қарсыласынан 2:7 есебімен жеңіліп қалған еді. Сол жолы кеткен есені «Барыс» бүгін қайтарды.

Енді «Барыс» 6 желтоқсанда Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасын қабылдайды.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын елордалық клуб екі ойын қатарынан жеңіске жеткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT