Хоккей: «Барыс» қытайлық клубтан басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 25 ақпанда елордада Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда бұған дейін 17 мәрте шеберлік байқасты. Оның 13-інде «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Куньлунь Ред Стардың» мерейі үстем болды.

Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы төрт ойында да қазақстандық клубтың мерейі үстем болды.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық клуб хоккейшілері ойын басынан тізгінді қолына алуға тырысты.

Нәтижесінде 3-минутта Даррен Диц «Барысты» алға шығарды. Ал 7-минутта Антон Сагадеев есепті үстемелей түсті.

Ал 53-минутта Никита Михайлис жеңіс шайбасын соқты. Ойында елордалық клуб қарсыласын 3:0 есебімен басым түсті.

Енді «Барыс» 27 ақпанда құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңіндегі соңғы тур ойынын Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» овертаймда «Ак Барстан» жеңілді.

Соңғы жаңалықтар