Хоккей: «Барыс» командасы «Металлургпен» ойнайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 7 ақпанда Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын астана уақытымен сағат 18.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін биылғы турнирде үш мәрте кездесті. Оның екеуінде «Металлург» елордада буллиттен 2:1, өз айдынында негізгі кезеңде 3:1 есебімен басым түсті. Ал «Барыс» аталған қарсыласын елордада 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы төрт ойынында олар екі-екіден жеңіске жетті.

Екі команда бұған дейін 46 мәрте шеберлік байқасты. Оның 28-де «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Металлургтің» мерейі үстем болды.

Елордалық клуб олардың қақпасына 129 шайба соқса, өз қақпасына 114 гол жіберіп алды.

«Барыс» соңғы 10 кездесудің 6-уында басымдық танытты. Турнир кестесінде 53 ойыннан кейін 62 ұпаймен 12-орында келеді.

Ал «Металлург» соңғы 10 ойында 1 рет жеңілді. Турнир кестесінде 53 ойыннан кейін 70 ұпай жинап, 3-орында тұр.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын Ресейде «Сибирь» командасынан басым түсті.


Соңғы жаңалықтар