Хоккей: «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында елордалық хоккейшілер белсенді қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Антон Сагадеев 1, 2-минуттарда екі гол соғып кетті. Ойынның 17-минутында «Автомобилист» хоккейшісі Сергей Широков есеп айырмасын қысқартты.

Екінші кезеңде командалар көп гол соғуымен ерекшеленді. «Барыс» сапынан Егор Петухов 22, Дмитрий Шевченко 26-минутында мергендік танытты. Одан кейін ресейлік клубтан Олег Ли 34-минутта гол соқса, елордалық командадан Джереми Бракко 39-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Үшінші кезеңде ресейлік клубтан Стефан Де Коста 44-минутта гол соқты.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсті. Елордалық клуб қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 23 қаңтарда Реесйде «Металлург» (Магниогорск) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Трактор» командасынан басым түсті.


Соңғы жаңалықтар