Хоккей: «Барыс» қатарынан бесінші рет жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті матчында «Барыс» Новосібірдің «Сибирь» командасын қабылдап, 5:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ойынды айдын иелері қарқынды бастап, 2:0 есебімен алға шықты.

Алдымен 9-минутта сан басымдылығын пайдаланған команда капитаны Брэндон Боченски Кертис Валк пен Дастин Бойдтың көмегімен есеп ашты. Бірінші кезеңнің аяқталуына 15 секунд қалғанда, Роман Старченко мен Андре Петерссоннан пас алған канадалық Патрис Кормье өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Екінші кезеңде новосібірліктерден әуелі Александр Шаров 34-минутта, бір минуттан кейін Глеб Зырянов гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.

Есесіне үшінші, шешуші кезеңде астаналықтар ойын тізгінін толықтай өз қолына алды. 37-минутта Роман Старченко (пас берген Максим Семенов пен Андре Петерссон) гол соқса, сәлден кейін КертисВалк (Никита Михайлис) есепті 4:2-ге жеткізді. 52-минутта канадалық қорғаушы Даррен Диц Роман Старченко мен Патрис Кормьенің көмегін матчтың нүктесін қойды.

Осылайша Андрей Скабелканың шәкірттері қатарынан бесінші рет жеңіске қол жеткізді. 30 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясында Уфаның «Салауат Юлаев» командасымен төртінші-бесінші орындарды бөлісуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын астаналықтардың Подольскінің «Витязь» командасын жеңген еді. 

«Барысқа» жеңісті жолын жалғастыруға толық мүмкіндік бар. Елордалықтар 30 қазан күні «Адмирал» (Владивосток), 1 қарашада «Трактор»(Челябі) командасын қабылдайды.

 

 

Соңғы жаңалықтар