Хоккей: «Барыс» елордада ресейлік «Динамодан» жеңіліп қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Есепті «Барыс» хоккейшісі Джереми Бракко 7-минутта ашты. Одан кейін «Динамо» хоккейшісі Андрей Никонов 17-минутта бір шайбамен жауап қайырды.

Екінші кезеңде командалар есепті өзгертуге тырысты. Десе де, діттеген мақсатына жете алған жоқ. Есеп өзгеріссіз қалды.

Үшінші кезеңде де қарсыластар гол соғу мүмкіндігін іздеді. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік клуб жеңіс шайбасын соғып кетті.

Осылайша, «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Динамо» (Мәскеу, Ресей)

1:0 - 07:02 – Джереми Бракко (Энтони Луис, Александр Борисевич)

1:1 - 17:02 – Андрей Никонов (Владислав Михайлов, Артём Волков)

1:2 - 62:01 – Максим Джиошвили

Енді «Барыс» алдағы ойынын 1 ақпанда Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордада «Трактор» командасын жеңіп кетті.


Соңғы жаңалықтар