Хоккей: «Барыс» буллитте «Ак Барс» командасынан басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер алғашқы кезеңде басым ойнады. Нәтижесінде бірінші кезеңде Аркадий Шестаков 8, Алекс Грант 16-минуттарда мергендік танытты.

Екінші кезеңде «Ак Барс» сапынан Никита Дыняк 30-минутта есеп айырмасын қысқартты.

Ал ресейлік Кирилл Петров 55-минутта таразы басын теңестірді. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыс» басымдық танытты.

Осылайша қазақстандық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

«Барыс» ендігі ойынын 19 желтоқсанда Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді.

Екі команда бұған дейін 46 мәрте кездесті. Оның 10-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Салават Юлаевтан» басым түсті.


Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар