Хоккей: «Барыс» бүгін Ресейде «Трактор» командасымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Трактор» (Челябинск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 30 қараша елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасы сайтынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 48 мәрте кездесті. Оның 22-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде отыз алты ойыннан кейін 31 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.

Ал отыз алты ойыннан кейін 33 ұпай жинаған «Трактор» 17-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің алтауында қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, «Барыс» «Автомобилист» командасынан жеңіліп қалды.


Соңғы жаңалықтар