Хоккей: «Барыс» бүгін Ресейде ЦСКА командасымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 5 ақпанда елорда уақытымен 20:30-да басталады.

Екі команда бұған дейін 28 мәрте кездесті. Оның 9-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде алпыс бір ойыннан кейін 57 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 20-орында келеді.

Ал елу сегіз ойыннан кейін 80 ұпай жинаған ЦСКА 3-орынға жайғасқан.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде мәскеулік «Динамодан» жеңілді.

Соңғы жаңалықтар