Хоккей: «Барыс» бүгін Ресейде «Автомобилист» командасымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 28 қараша елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасы сайтынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 53 мәрте кездесті. Оның 34-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде отыз бес ойыннан кейін 30 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.

Ал отыз үш ойыннан кейін 49 ұпай жинаған «Автомобилистс» 3-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің жетеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, «Барыс» елордада «Спартактан» жеңілді.


Соңғы жаңалықтар