Хоккей: «Барыс» бүгін Ресейде «Ак Барс» командасымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 8 қазан күні елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 44 мәрте кездесті. Оның 9-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде он бес ойыннан кейін 15 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 14-орында келеді.

Ал, он төрт ойыннан кейін 19 ұпай жинаған «Торпедо» 9-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұған дейін «Барыс» ресейлік «Торпедоға» есе жіберген болатын.



Фото: sports.kz








Соңғы жаңалықтар