Хоккей: «Барыс» бүгін «Локомотив» командасымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Локомотив» (Ярославль) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын елорда уақытымен 22:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 25 мәрте кездесті. Оның 8-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде он ойыннан 9 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 16-орында келеді. Ал он ойыннан кейін 13 ұпай жинаған «Автомобилист» 8-орынға жайғасқан.

Соңғы он кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

2021 жылдың 3 тамызында Құрлықтық хоккей лигасында «Барыс» сырт айдында 3:4 есебімен жеңілсе, сол жылдың 22 қазанында елордада 1:4 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб Ресейде «Северсталь» (Череповец) клубына жол берді.


Фото: hcbarys.kz



Соңғы жаңалықтар