Хоккей: «Барыс» бүгін елордада ресейлік «Динамо» командасымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 29 қаңтарда елорда уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездесті. Оның 12-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде елу cегіз ойыннан кейін 56 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 17-орында келеді.

Ал елу алты ойыннан кейін 73 ұпай жинаған «Динамо» 5-орынға жайғасқан.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Трактор» командасын жеңіп кетті.

Соңғы жаңалықтар