Хоккей: «Барыс» бүгін елордада «Ак Барс» командасымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 6 желтоқсанда елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Барыс» командасы сайтынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 46 мәрте кездесті. Оның 10-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде отыз тоғыз ойыннан кейін 35 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.

Ал отыз жеті ойыннан кейін 40 ұпай жинаған «Ак Барс» 14-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Салават Юлаевтан» басым түсті.


Соңғы жаңалықтар