Хоккей: «Барыс» «Автомобилисттен» жеңіліп қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда бұған дейін 54 мәрте кездесті. Оның 34-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Елордалық клуб биыл сәтсіз ойын өрнегін көрсетіп жүр. Соның салдарынан турнир кестесінде төменгі орынның бірін місе тұтып жүр.

Бүгінгі кездесуде де сол сәтсіздік жалғасты. Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына гол соға алған жоқ.

Екінші кезеңнің 34-минутында «Автомобилист» хоккейшісі Павел Куликов есеп ашса, Брукс Мэйсек 56-минутта мергендік танытты.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:2 есебімен жол берді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Трактордан» басым түсті.


Фото: hcbarys.kz

Соңғы жаңалықтар