Хоккей: «Барыс» «Автомобилистпен» жолдастық кездесу өткізбейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Ресейдің «Автомобилист» командасымен жолдастық кездесу өткізбейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын «Барыс» 31 тамызда аталған ресейлік клубпен мұз айдынына шығады деп жоспарланған еді. Кездесу Екатеринбург қаласында өтуі тиіс болатын.

Ендігі кезекте «Барыс» алдағы маусымға дайындық барысында 27 және 29 тамызда Қарағандының «Сарыарқа» командасымен екі ойында шеберлік байқасады.

Одан кейін құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын 3 қыркүйекте Латвияда «Динамо» (Рига) командасына қарсы өткізеді.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын Өскеменнің «Торпедо» клубымен екі мәрте жолдастық кездесу өткізді. Алғашқысында 1:2 есебімен жеңіліп, екінші ойында 6:4 есебімен басым түсті.


Соңғы жаңалықтар