Хоккей: «Барыс» «Автомобилист» командасынан жеңіліп қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойынның бірінші кезеңі аса тартысты өтті. Командалар бірден төрт шайба соғып үлгерді. Оның үшеуі «Барыстың» еншісіне бұйырса, біреуін ресейлік команда хоккейшілері соқты.

Қазақстандық Никита Михайлис небәрі 1-минутта есеп ашса, 5-минутта Егор Петухов есепті үстемелей түсті.

Ал «Автомобилист» хоккейшісі Ник Эберт 12:37-де есіп айырмасын қысқартса, арада небәрі 14 секунд өткенде елордалық командадан Энтони Луис басымдықты арттыра түсті.

Одан кейін «Автомобилист» сапынан Виктор Неучев 28, Павел Куликов 53-минуттарда гол соғып, таразы басын теңестірді.

Негізгі кезеңі 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік клуб жеңіс шайбасын соқты.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 3:4 есебімен жол берді.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 30 қарашада Ресейде «Трактор» (Челябинск) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, «Барыс» елордада «Спартактан» жеңілді.


Соңғы жаңалықтар