Хоккей: «Барыс» алдағы үш ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 3 қаңтарда елордалық «Барыс» 2021 жылдағы алғашқы ойынын өткізу үшін Ресейдің Хабаровск қаласына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» алда сырт айдында үш ойын өткізеді. Алдымен 4 және 6 қаңтарда Хабаровскіде жергілікті «Амурмен» екі мәрте шеберлік байқасса, 8 қаңтарда Екатеринбургте «Автомобилистпен» мұз айдынға шығады.

Биыл елордалық клуб «Амурмен» бір мәрте кездесті. Елордада өткен ойында «Барыс» 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық команда бұдан бұрын 7 қазанда сырт айдында «Автомобилистке» 2:3 есебімен есе жіберіп қойды.

«Барыстың» бапкерлер құрамы алдағы үш ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады . Олардың қатарында қақпашылар - Хенрик Карлссон, Сергей Кудрявцев, Йони Орти, қорғаушылар -Джесси Блэкер, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Даррен Диц, Алекс Линтуниеми, Алексей Маклюков, Валерий Орехов, Диллон Хетерингтон бар. Сондай-ақ, аталған ойындарда шабуылшылар Павел Акользин, Алихан Асетов, Филипп Вароне, Линус Виделль, Кёртис Волк, Дмитрий Гурков, Максим Мусоров, Никита Михайлис, Якоб Лилья, Кирилл Панюков, Захар Пархоменко, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Мэттью Фрэттин, Егор Шалапов, Дмитрий Шевченко команда жейдесін киеді.

Айта кетейік, «Барыс» соңғы 12 кездесудің 10-да жеңіске жетті. Турнир кестесінде 38 ойыннан кейін 45 ұпаймен 15 орында келеді.


Соңғы жаңалықтар