Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Хоккей: «Арлан» «Номадты» ұтты

2019 жылғы 18 наурыз 00:03 665
Бөлісіңіз:
Хоккей: «Арлан» «Номадты» ұтты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың «Арлан» ХК өз айдынында Астананың «Номад» командасын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: «Барыс» «Авангардтан» жетінші ойын қатарынан жеңілді «Барыстың» «Авангардқа» қарсы алғашқы матчын қайдан көруге болады

Қазақстан чемпионатының плей-офф кездесуінде қос команданың ойыншылары да алғашқы минуттан шабуылға шықты. Алайда, қонақтар айдын иесінің қақпашысынан айласын асыра алмады. Гасниковтың салған шайбасы бірінші таймда «Арландықтарды» 1:0 есебімен алға шығарды. Екінші таймда ойын алма-кезек шабуылмен өтті. Қос команда ойыншылары қанша тырысқанымен таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Ал үшінші таймда  айдын иелері ширақ қимылдап есепті еселей түсті.

Осылайша, матчтың қорытындысы бойынша «Арлан» ХК 2:0 есебімен маңызды жеңіске қол жеткізді. Ертең наурыздың 18-де сағат 19:00 қос команда өзара тағы бір матч өткізеді.

Еске сала кетейік, Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубы биыл ел тарихында тұңғыш рет Құрлық кубогын жеңіп алған болатын. Алыстағы Ирландияда өткен финалдық кездесуде «Арлан» хоккейшілері айдын иелері - жергілікті «Белфаст Джайантс» командасынан басым түсті. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Ақмола облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT