Хоккей: «Арлан» Ертістен» ұтылып қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың «Арлан» ХК өз айдынында Павлодардың «Ертіс» командасымен өткен екінші кездесуінде ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін қос команда тағы да кездесті. Тартысты өткен бұл жолғы кездесуде қонақтардың бағы басым болды. Алаң иелері тарапынан Нестеров, Егоров көзге түссе, «Ертіс» командасынан Воробьев, Копытин, Твердохлебов мергендік танытты.

Қорытынды есеп 2:3 «Ертістің» пайдасына шешілді.

«Арлан» келесі ойынын 6 ақпанда «Теміртау» командасымен өткізеді.

Еске сала кетейік, 2 ақпанда Қазақстан чемпионатының 7-турының 2-кезеңі шеңберінде Көкшетаудың «Арлан» ХК өз айдынында Павлодардың «Ертіс» командасын қабылдаған болатын. Онда «Арлан» ХК 3:2 есебімен маңызды жеңіске қол жеткізген еді.

Соңғы жаңалықтар