Хоккей: «Арлан» Беларусьтің «Гомель» командасын ойсырата жеңді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың «Арлан» ХК Ирландияда өтіп жатқан хоккейден Құрлықаралық кубоктың финалындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы "Арлан" Беларусьтің "Гомель" командасын 8:2 (4:0, 3:1, 1:1) есебімен ойсырата жеңді. Арландықтар тарапынан Дмитрий Потайчук кездесудің ең үздік ойыншысы атанды. Ертең "Арлан" хоккейшілері алаң иелері «Белфаст Джайантс» командасымен шешуші ойын өткізеді. Бұл кездесуде жеңіске жеткен команда Құрлықаралық кубоктың иегері атанады.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, "Арлан" Польшаның «Катовице» командасын 4:2 есебімен жеңген болатын.

Алайда, команданың жеңісті сәтінде Қазақстан Республикасының ескі гимні орындалған еді. Бұған команда ойыншылары мен жанкүйерлері наразылығын білдірді. Кейін ұйымдастырушылар "Арландықтардан" кешірім сұрады.

Соңғы жаңалықтар