+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Хоккей: Әлихан Әсетов «Барыстың» қазан айындағы үздік ойыншысы атанды

2019 жылғы 20 қараша 16:02
Бөлісіңіз:
Хоккей: Әлихан Әсетов «Барыстың» қазан айындағы үздік ойыншысы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шабуылшы Әлихан Әсетов «Барыстың» қазан айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: «Барыс» «Йокерит» командасынан жеңіліп қалды ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Металлургті» жеңіп кетті ҚХЛ: «Барыс» «Амурдан» жеңіліп қалды

«Барыс» хоккей клубы мен FONBET букмекерлік компаниясы жанкүйерлер арасындағы дауыс берудің қорытындысын шығарды.

Клубтың сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 23 жастағы Ә.Әсетов 48 пайыз дауыс жинап, өзгелерден қара озып кетті. Команда капитаны, қорғаушы Даррен Диц (12 пайыз) екінші, қақпашы Эдди Паскуале (10 пайыз) үшінші орында.

Әлиханға естелік сыйлықты FONBET букмекерлік компаниясының өкілі Арман Атеев табыс етті.

Ә.Әсетовтің ҚХЛ-да өткен жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқаны белгілі. Қазан айында ол «Барыстың» 12 матчының 11-інде айдынға шығып, төрт гол соқты, қақпаға 13 соққы бағыттады.

Сонымен қатар «Барыстың» тағы бір шабуылшысы Никита Михайлистің Мәскеудің «Динамо» командасының қақпасына соққан голын Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) өткен аптадағы ең үздік деп таныды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» «Автомобилист» командасынан басым түскенін жазған болатынбыз.

Елордалықтар ҚХЛ-дың жалпы кестесінде сегізінші, Шығыс конференциясында төртінші орында келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT