ХОК президенті Бах Токиода ең инновациялық Олимпиада ойындары өтеді деген сенімде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бах тарихтағы ең инновациялық Олимпиада ойындары 2020 жылы Токиода өтеді деп есептейді.

Бұл туралы бүгін ұйым президенті ХОК дебрифингінің ашылу салтанатындағы өзінің бейнеүндеуінде мәлім етті, деп хабарлады ТАСС агенттігі.

«Токио Олимпиада тарихындағы ең инновациялық ойындарды өткізеді деп сенеміз», - деді Бах.

ХОК басшысы алдағы үш күнде дебрифинг қатысушылары Олимпиада-2020 мен өзге де ойындарды өткізуге көмектесетін жан-жақты тәжірибе жинақтайды деп үміт білдірді. «Рио үшін Ойындар өткізудің тәжірибесімен бөлісетін үлкен мүмкіндік туып тұр», - деп толықтырды ол.

"Токио-2020" ұйымдастыру комитетінің басшысы Есиро Мори өз кезегінде Олимпиада-2020 сәтті өтуі үшін жапондық тарап барын салады деп уәде берді.

Дүйсенбі күні Токиода ХОК дебрифингі ашылды - алдағы үш күнде әлем елдерінен келген ойындарды ұйымдастыру комитетінің өкілдері тәжірибе алмасып, Олимпиада шараларын қабылдайтын қалалар алдында тұрған негізгі мәселелерді талқылайды. ХОК айтуынша, Рио-2016 тәжірибесі келесі қысқы және жазғы ойындарды қабылдайтын үш азиялық қалаға - Пхенчан, Токио және Бейжіңге көмегін тигізеді. 

Соңғы жаңалықтар