ХОК «Ирма» қиратқан спорт нысандарын жөндеуге $1 млн бөледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) «Ирма» дауылынан зардап шеккен елдің ұлттық Олимпиада комитетінің көмек қорына $1 млн қаржы бөледі, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы Комитет басшысы Томас Бах Лимадағы ХОК сессиясынан кейінге баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«ХОК зардап шеккен елдің ұлттық Олимпиада комитетіне көмек қолын созып, қираған спорттық инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге дайын», - деді Бах.

ХОК баспасөз қызметі жарна сомасының табиғи апат залалы бағасынан кейін артуы мүмкін екендігін нақтылады. Бесінші дәрежелі «Ирма» дауылы 6 қыркүйек күні Кариб бассейні ауданын, Пуэрто-Риконы, сондай-ақ Ұлыбритания, Нидерланды және Францияның иелігіндегі бірнеше аралды қиратты. Оның келтірген материалдық залалы €1,2 млрд деп бағалануда. 

Соңғы жаңалықтар