07:16, 19 Шілде 2018 | GMT +6
ХОК 2022 жылғы Олимпиада бағдарламасына тағы 6 жаңа спорт түрін қосты
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат-Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының тізіміне тағы 6 жаңа спорт түрін қосу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы халықаралық ұйымның баспасөз қызметі хабарлады деп жазады ТАСС агенттігі.
Бағдарламаға бобслейден әйелдер арасындағы жеке жарыстар, фристайлдың «бэг-эйр» бағдарламасы бойынша ерлер және әйелдер арасындағы жарыстар, фристайлдан аралас командалық жарыстар (акробатика), сноуборд-кростан аралас командалық жарыстар, трамплиннен шаңғымен секіруден командалық турнир және шорт-тректен аралас эстафета сияқты жарыстар енгізілді.