ХҚО өкілдері алматылықтарды өз қызметтерін ұсынатын делдалдарға сенбеуге шақырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы Мамандандырылған ХҚО аумағындағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарымен бірлесіп алдын алу шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының басшылығы, қауіпсіздік жөніндегі өкіл, полиция қызметкерлері және Жедел әрекет ететін арнайы жасақ сарбаздары қатысты.

Шараны ұйымдастырушылар автокөлік иелерін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының аумағында өз қызметтерін ұсынатын делдалдарға сенбеуге шақырды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласындағы филиалы құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен жүйелі түрде осындай іс-шаралар өткізіп тұрады. Анықталған құқықбұзушылық фактілері болып жатса, филиалдың қауіпсіздік қызметі ішкі тергеу жүргізіп, кінәлілерге тәртіптік жаза қолданылады. Бүгін де кезекті рет ХҚО аумағында «делдалдардың» заңсыз әрекеттерін болдырмаудың алдын алу шараларын жүргіздік. Сонымен қатар, карантин кезіндегі сақтық шараларын, әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию қажеттілігі жайлы түсіндірдік», - дейді филиал директоры Данияр Қырықбаев.


Соңғы жаңалықтар