ХҚО-ларда міндетті брондау болмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар ХҚО-ға 23 тамыздан бастап міндетті брондаусыз бара алады. Бұл ретте Ashyq жүйесіндегі мәртебені тексеру арқылы өткізу тәртібі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

«Міндетті брондау санитарлық дәрігерлердің басты талабы болды, мұндай жұмыс тәртібі клиенттердің бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді, бір апта аралығында брондау үшін бос уақыт табу қиын болды. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер енді мемлекеттік қызметтерді Міндетті алдын ала брондаусыз ала алады. Бұл ретте электронды тәсілмен кезекке тұру мүмкіндігі бұрынғы тәртіпте қалады. Бұл жағдайдағы клиенттің артықшылығы – операторға ұзақ кезексіз жүгіне алады. Біз келушілердің саны өсетінін түсінеміз, сондықтан санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауларыңызды сұраймыз – бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Ә. Қожықов.

Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы талондарды беру жүйесін Ashyq-пен өзара ықпалдастырды. Бұл клиенттің мәртебесін ХҚО-да кезек талондарын беру кезінде де тексеруге мүмкіндік береді. Терминалда клиенттің ЖСН-ын теру барысында ақпарат Ashyq жүйесіндегі деректермен сәйкестендіріледі, қауіпті мәртебе анықталса, бағдарлама талонды басып шығармайды.


Соңғы жаңалықтар