ХКО-лар қайта жұмыс істей бастады – ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын штаттық режимде қайта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚО филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, ХҚКО қызметкерлері бүгін таңертеңнен бастап облыс тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсете бастады.

Өңірдің барлық қалалары мен аудандарында халыққа қызмет көрсету орталықтары штаттық режимде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады. Алайда Өскемен мен Семейдегі мамандандырылған ХҚКО-лар әзірге жұмыс істемейді.

«Өкінішке қарай, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындауға бағдарланғандықтан, біз автокөлік иелеріне мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсете алмаймыз. Жұртшылыққа жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді Азамат Есембулов.


Соңғы жаңалықтар