+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

ХҚО-ға құжатын тапсырған азаматтар оны қалай алады

2020 жылғы 26 наурыз 16:41
Бөлісіңіз:
ХҚО-ға құжатын тапсырған азаматтар оны қалай алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамын egov.kz порталынан алуға болады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда коронавирус анықталған адам Қызылордадан келген Атырауда 600-ден астам дәрігер коронавирус жұқтырғандарды емдеп жатыр БҚО-да карантин режимін бұзған тұрғын ұсталды

«Президенттің тапсырмасымен Қазақстанның барлық қалаларында халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Алайда, мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамын egov.kz порталынан алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар қызметтер мен сервистер мобильді қосымшада, Телеграм мен әлеуметтік желілерде қолжетімді. Жақын арада онлайн-қызметтер саны артады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, мұнан бөлек, 1414 байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол арқылы бір уақытта мыңнан астам адам кеңес ала алады. Кеңес беру бейне байланыс арқылы да қолжетімді

«Сонымен бірге, 21 наурызға дейін құжат тапсырған азаматтар құжаттарын сол тапсырған орталықтан 28 наурызға дейін ала алады. Одан кейін, әр қалада бір ғана орталық анықталып, құжаттар сол жерден беріледі. Арнайы орталықтар да өз қызметтерін онлайн режимде жасайды. Құжаттар қолма-қол беріледі», - деді Дәурен Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT