+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

ХҚО-ға кезекті Telegram арқылы брондауға болады

2020 жылғы 18 мамыр 14:13
Бөлісіңіз:
ХҚО-ға кезекті Telegram арқылы брондауға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті Telegram боты арқылы брондауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін ХҚО-ға кезекті брондау әдісі көбейтілді. Қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығында, сондай-ақ eGovKzBot2.0 Telegram ботының көмегімен брондайды.

«Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады.

Сонымен, ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады», делінген хабарламада.

Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы SMS хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын ала брондағаныңызды растайсыз.

Айта кетейік, қазіргі таңда eGovKzBot2.0 Telegram боты арқылы 28 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болғандары дәрігерді үйге шақыру, айыппұлды тексеру, медициналық мекемелерсінен анықтама алу, зейнетақы аударымдары туралы анықтама және т. б.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бір жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтерді тек алдын ала брондау бойынша көрсетеді.

Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚО-лар қызметіне қайта кірісе бастаған өңірлерде ғана істейді .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT