ХҚО-да техникалық ақау туындағанда азаматтарды күттіріп қоймаудың жолын қарастыру ұсынылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметтерді жүйедегі техникалық ақау жөнделгеннен кейін автоматты түрде көрсетуді қарастыру ұсынылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарында техникалық ақау жиі болып тұрады. Ондай жағдайда клиенттердің күтуіне тура келеді. Сөйтіп, ұзын-сонар кезек пайда болады. Осы орайда, сол жерде өтініш қалдыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Клиент резервтік өтінім беріп, қажетті құжаттарды қалдырады. Жүйе жұмыс істеген соң, қызмет автоматты түрде көрсетіледі. Демек, азаматтарға техникалық ақаудың қалпына келуін күтіп отырудың қажеті жоқ», - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов ОКҚ-де өткен брифингіде.

«Кейбір мемлекеттік қызметтерді алу үш ай не одан көп уақытқа созылады. Мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың жетілмеуіне байланысты кейбір қиындықтар туындайды. Бұл электрондық қызметтер мен сенімхат алуда кедергі келтіреді. Салдары сол, бюрокатикалық проблемалар туындап, клиенттер әуре-сарсаңға түседі», - дейді ол.

Сондай-ақ, агенттік басшысының орынбасары мемлекеттік қызметшілерді артық жұмсаған лауазымды тұлғаларға 40 АЕК айыппұл салынатыны туралы ескертті.

Мемлекеттік қызмет алуда айыппұл кедергі болмауы керектігі де айтылды.


Соңғы жаңалықтар