ХҚО-да кезекте ұзақ тұрмау үшін не істеу керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Цифрлық агенттің» пайдасын түсіндірді. Аталған мобильді қосымшаны кез келген смартфонға жүктеп алуға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектановтың айтуынша, қазіргі кезде қосымшаның негізгі мақсаты - xалыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс сапасын бағалау.

"Мәселен, адам ХҚО-да ұзақ отырып қалса, мобильді қосымша арқылы сигнал беруге болады. Ол үшін қосымшаға кіріп, "кезекте ұзақ отырып қалдым" деп жазып жіберу керек. Осыдан бастап орталық басшылығына бес минут беріледі. Олар кезекте отырып қалған адамға барып, мәселенің мән-жайын түсіндіруге міндетті. Егер бес минуттың ішінде ол адамның мәселесі шешілмесе, сигнал автоматты түрде бізге - агенттіктің жергілікті құрылымдарына түседі. Сол кезде біз бақылаушы орган ретінде араласамыз", - деді О.Бектенов ҚР Парламент Сенатында өткен жиында.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта аталған қызметті мемлекеттік кірістер департаментерінде, емxаналар мен мектептерде енгізу жоспарланған.

Айта кетейік, О.Бектенов агенттігі көлікті бақылау саласындағы жемқорлық фактілерін де жариялады. Ал ҚР Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев кең жолақты интернетті KazSat жер серіктері арқылы таратуды ұсынды. 

Соңғы жаңалықтар