ХҚО-да 500 мың қазақстандыққа цифрлық сауаттылық сабағы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған «Электронды үкімет және электронды мемлекеттік қызметтер» курсы бойынша оқу бағдарламасы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде  мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлім етті.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының басты міндеттерінің бірі - тұрғындарға «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында электрондық порталды пайдалануды үйретіп, өздігінен мемлекеттік қызметті алуға баулу», - деді ол.

А. Оспановтың айтуынша, биыл еліміздегі барша облыс орталықтарында цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын іске қосу жоспарда бар. Бүгінгі таңда цифрлық ХҚО-лар Астанада, Алматыда және Шымкентте жұмыс істеп тұр.

«Мұндай орталықтардың артықшылығы сол, оларда цифрлық сауаттылықты арттыру сыныптары бар. 2018 жылдың 4 айында осындай сыныптарда 3,6 мыңнан астам оқып шықты», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының басшысы.

Бұдан тыс, жыл басынан бері мемлекеттік және жекеменшік оқу орындарында (ЖОО, колледждерде) 10 мыңнан астам адам цифрлық қызмет алу дағдыларын меңгерген.

Абылайхан Оспановтың сөзіне қарағанда, үстіміздегі жылдың маусымынан тамызға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта», «Зерде» және жергілікті атқару органдарымен ынтымақтастықта жарты миллионға жуық азамат цифрлық сауаттылығын арттырады.

Бүгінгі таңда бүкіл елде сертификаты бар 880 тәлімгер бұған дайын отыр. Цифрлық сабақтар қала тұрғындарымен қатар, аудан, ауылдық жерлердің халқына да қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар