ХҚКО-да инвесторларға арналған «бір терезе» жүйесі жұмыс істей бастады - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ХҚКО-да инвесторларға арналған бір терезе тетігі жұмыс істей бастады. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық басқармасынан хабарлады.

Жаңа жүйе Бостандық, Медеу, Әуезов аудандарында іске қосылды.
Енді отандық және шетелдік инвесторлар салық төлеушілерін тіркеу, тауар белгісін тіркеу, өнертапқыштық патентін беру сияқты 344 қызмет түрін пайдалана алады.
Әр ХҚКО-да 3 оператордан жұмыс жасайды.
«ХҚКО» РМК қалалық филиалының жетекшісі Жамал Баймұхамбетованың айтуынша, «бір терезе» жүйесінің іске қосылуы инвсторлардың мемлекетпен қатынасын азайтып, арадағы бюрократиялық, және әкімшілік кедергілерді азайтады.
Сондай-ақ, инвесторлар әкімдік жанына ашылған инвесторлар орталығында, www.egov.kz электронды үкімет порталында да қызмет түрін ала алады.
Жыл басынан бері қалалық ХҚКО-да 22 инвесторға қызмет көрсетілген екен.
Айта кету керек, Алматыда қазір 187,5 мың ШОБ субьектісі кәсіппен айналысуда. Оларда 585 мың адам жұмыспен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар