Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 16 °С
Алматы: 34 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

ХКБ Әзербайжанның EXPO-2025 көрмесін өткізу жөніндегі өтінішін қарауда

2018 жылғы 17 сәуір 22:11 795
Бөлісіңіз:
ХКБ Әзербайжанның EXPO-2025 көрмесін өткізу жөніндегі өтінішін қарауда

БАКУ. ҚазАқпарат - Халықаралық көрмелер бюросының миссиясы (BIE) EXPO-2025 көрмесін өткізу жөніндегі өтінішін бағалау үшін Әзербайжанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Таиландта балалар құтқарылған үңгірді қалпына келтіруге 1,3 млн доллар жұмсалды Түркиядағы төтенше жағдай режимі тоқтатылды

Миссия өкілдері Бакуде 19 сәуірге дейін болады. Осыған дейін Осака (Жапония) мен Екатеринбургтің (Ресей) өтініштері бағаланған болатын.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік әмбебап EXPO-2025 көрмесін өткізуге Баку (Әзербайжан), Екатеринбург (Ресей) және Осака (Япония) басты үміткерлер болып отыр. Әзербайжан көрменің тақырыбын «Адам капиталын дамыту, жарқын болашақ жолындағы даму» деп атауды ұсынып отыр. Әзербайжан Baku EXPO-2025 көрмесін 10 мамыр мен 10 қараша аралығында өткізуге дайын.

Жеңімпаз мемлекетті Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассамблеясы 2018 жылдың қарашасында ұйымға мүше 170 мемлекеттің өкілдері дауыс бергеннен кейін анықтайды.



Фото: expo2023.info

 

 

 

 


Басты сөздер: Әлем, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Айдар Оспаналиев

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат