Хиуа ислам әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы деп жарияланды
2022 жылғы 29 маусым 23:28

Хиуа ислам әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы деп жарияланды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Әзербайжан астанасында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) XI сессиясында Хиуа қаласын ислам әлемі туризмінің 2024 жылғы астанасы деп жариялау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстанның Туризм және мәдени мұра министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, ИЫҰ мүшелері туризм саласында жүргізілген реформалар – визалық режимді жеңілдету, мәдени мұраны сақтау және тарихи қалаларды абаттандыруды жетістікке жетудің негізгі факторлары ретінде мойындады.

«Ислам әлемі туризмінің астанасы жылы аясында Хиуада ИЫҰ-ына мүше 57 елдің туризм министрлері мен туристік әкімшіліктері басшыларының отырысы, туризмнің әлеуетін ашатын ғылыми конференциялар, практикалық семинарлар, фотокөрмелер, арт-экспозициялар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізіледі», – деп атап өтті Өзбекстан делегациясының басшысы, Премьер-Министрдің орынбасары, туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов.

Ислам әлемінің туристік астанасы атағына 5 қала үміткер болды: Абу-Даби (БАӘ), Шанлиурфа (Түркия), Лагос (Нигерия), Душанбе (Тәжікстан) және Хиуа (Өзбекстан).

Бұған дейін Түркияның Шанлыурфа қаласы ислам елдерінің 2023 жылғы туристік орталығы аталғанын хабарлаған болатынбыз.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT