Хирургтар ота жасау кезінде 2 жасар баланы өртеп жіберген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Ишим қаласында орналасқан №4 ауруханада дәрігерлердің қатесі салдарынан төтенше жағдай орын алды. 2 жасар пациенттің папилломасын алып тастау отасын жасау кезінде электр құралынан ұшқын шығып, бүлдіршіннің астында жатқан спирт сіңген майлық жана бастады.

«Хирург дәрігердің жол берген бұзушылықтары салдарынан кішкентай жастағы пациент оң жақ құлағы мен бетін 1-2 дәрежелі термиялық күйіктер шалған», - деп баяндады РФ-ның Түмен облысы бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметінен.

Ишим ауданаралық тергеу бөлімінің өкілдері алаңғасар дәрігердің үстінен «Өмір мен денсаулық қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қозғады. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар