Хиросиманың «Айрықша құрметті азаматы» атағы шетелдік президенттер ішінен ең бірінші Назарбаевқа берілді

None
None
ХИРОСИМА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Хиросима қаласының «Айрықша құрметті азаматы» атағы салтанатты жағдайда табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хиросимадан.

1963 жылдан бері Хиросиманың тікелей қатысуымен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосқан қаланың көрнекті шетелдік қонақтарына «Айрықша құрметті азамат» атағы беріліп келеді. Аталған атаққа ие болған 36 адамның ішінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, сонымен қатар бауырлас қалалардың мэрлері, Хиросима қаласында ірі халықаралық жарыстар өткізген түрлі спорт федерацияларының басшылары бар.

Бүгінгі күнге дейін шетел мемлекеттерінің басшылары мен Үкімет басшылары бұл награданы алған емес.

Халық саны 1,1 млн адамнан асатын Хиросима қаласы Жапонияның Хонсю аралының батысында орналасқан. Хиросима префектурасының әкімшілік орталығы саналады. 1980 жылдан бері Хиросима Жапонияның мемлекеттік маңызы бар қалаларының тізіміне енгізілген. Бұл қала әлемге 1945 жылдың тамызында ядролық бомбалауға ұшыраған бірінші қала ретінде танымал.

Соңғы жаңалықтар