Хиросимадағы мемориалдық бейбітшілік музейіне 70 млн адам келген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1945 жылғы осы қаладағы атомдық бомбалауға арналған Хиросима мемориалдық бейбітшілік музейіне 70 млн адам келген. 

Бұл туралы жексенбіде музей  әкімшілігі хабарлады.

Музейдің 70 миллионыншы келушісі Кусацу қаласынан (Сига префектурасы) келген бойжеткен атанды, ол музейден кәдесый алды. Музейдің директоры Кендзи Сига Жапония тұрғындарының да, шетелдік туристердің де экспозицияға деген қызығушылығының артып жатқанын атап өтті. «Біз әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарға ядролық қарудың қандай қауіпті екенін айтуды жалғастырамыз», - деп атап өтті ол.

Қазіргі таңда музейде ірі жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, ол алдағы жылдың күзінде аяқталады. 

Соңғы жаңалықтар