+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

2019 жылғы химиядан Нобель сыйлығы литий-ион батареясын жасағандарға берілді

2019 жылғы 9 қазан 16:29
Бөлісіңіз:
2019 жылғы химиядан Нобель сыйлығы литий-ион батареясын жасағандарға берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл химиядан Нобель сыйлығы литий-ион батареясын жасағандарға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат nobelprize.org сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

2019 жылғы сыйлықты химиктер - Джон Гудэнаф (John B. Goodenough), Стэнли Уиттингем (Stanley Whittingham) және Акира Ёсино (Akira Yoshino) алатын болды. Олар литий-ион аккумуляторларын әзірлеген.

Лауреаттардың есімін жариялау салтанатының трансляциясы сыйлықтың ресми сайтында тікелей көрсетілді.

Ал сыйлықты табыстаудың ресми салтанаты Альфред Нобель қайтыс болған күні - 10 желтоқсанда Стокгольмде болады. Лауреаттарға марапатты Швеция королі Карл XVI Густав табыстайды.

Айта кетейік, 2019 жылғы сыйлықтың көлемі шамамен бір миллион долларға жуық. Үш химик соны бөліп алады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT