+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Хиджап таққан 2 оқушы сабаққа келмей жүр – Ақтөбе облысының әкімі

2019 жылғы 13 қараша 16:23
Бөлісіңіз:
Хиджап таққан 2 оқушы сабаққа келмей жүр – Ақтөбе облысының әкімі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин хиджап таққан 2 қыздың сабаққа келмей отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысының еңбек ардагерлері мен «жомарт жүректер» марапатталды Ақтөбе облысында жат дін жетегінде жүргендердің саны қанша Ақтөбе облысының әкімі қурап қалған 1 млн көшет жайында: Менің де жаным ашиды

«Былтыр 7 қыз бала осы жағдайға байланысты оқу жылының ішінде мектепке келген жоқ. Биыл небәрі екі қыз бала. Менің ойымша, бұл жерде қыздарға арналған жеке мектептің ашылуы, екінші жағынан түсіндіру жұмыстары оң әсер етті. Меніңше, осы салада өршіп бара жатқан үлкен проблема жоқ», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай .

Осы ретте облыс басшысы зайырлы мемлекет болған соң балаларды тиісті біліммен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

«Соған байланысты мектепте қолданылатын ережелерді сақтауымыз керек. Жалпы осы мәселеге байланысты ата-аналарда түсінік бар. Қазіргі таңда олардың саны едәуір азайды. Менің ойымша, болашақта бұл үлкен проблемаға айналмауы тиіс», - дейді Оңдасын Оразалин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Әкім, Дін, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT