ХХІ ғасырда жетістікке тек қана инновациялық көшбасшы мемлекеттер қол жеткізе алады

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Осы аптада елімізде ең алғаш құрылған негізгі даму институттарының бірі - Қазақстан Даму банкі өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейлі күн маңызды халықаралық конференция деңгейінде өтіп, соған орай ұйымдастырылған алқалы жиын экономиканы жаңғырту мақсатында инвестицияларды ынталандыру тақырыбын қамтыды.

Халықаралық конференция жұмысына Премьер-министр Кәрім Мәсімов қатысып, сөз алдында Елбасының құттықтауын жариялады. «2001 жылдың мамырында менің тапсыр­мам бойынша Үкімет Қазақстан Даму банкін құрды... Өткен 10 жылда Қа­зақстан Даму банкі тарапынан не істелгенін қарайтын болсақ, нәтижесі бүгіннің өзінде бай­қалып жатқан, үлкен жұмыс атқарыл­ғанын көре­міз. Қазақстан экономикасының не­гізін қалайтын жобалар нақ осы банк ар­қылы қаржыландырылған. Бұлар - Ақтау порты, Мойнақ СЭС-і, Атырау мұнай өңдеу за­уыты, газ-химия кешені, Тараз бен Пав­лодардағы металлургиялық зауыттар», - делінген Мемлекет басшысының құттық­тауында. Бұдан соң сөз сөйлеу барысында Премьер-министр Кә­рім Мәсімов Қазақстанның Даму банкі үшін жағымды жаңалықты жеткізді. Үкімет басшысының айтуынша, Standart&Poors агент­тігі Қазақстан Даму банкінің несиелік рей­тингін көтеруге шешім қабылдаған. «Осы жетістікпен баршаңызды құттық­тай­мын!» - деді конференция бары­сында сөйлеген Үкімет басшысы. Ресми мәліметтерге сүйенсек, ҚДБ соңғы 10 жыл ішінде ел экономикасына 10 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция тарта білген. Яғни аталған институттың бөлген 1 долларына қо­сымша 1-3 доллар қаржы тартылған.

* * *

Осы аптада Парламент Мәжілісінің 53 депутаты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына үндеу жолдап, Мәжіліс пен мәслихат депутаттары­ның сайлауын алдын ала, яғни мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсыныс жасады. Мәжілісте осы мәселеге қатысты арнайы брифинг ұйымдастырған депутат Нұртай Сабильянов пен Виктор Рогалев алдын ала сайлау өткізуге себеп болатын алты дәйекті алға тартқан болатын. «Біріншіден, ал­ды­мыз­дағы жылы әлемдік қар­жы-экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны болады деп күті­луде. Оның сипаты мен ауқымын болжап білу қиын әрі ол Қа­зақстан экономикасына да теріс әсерін тигізуі мүмкін. Осыған байла­­ныс­ты Қазақстанда сайлау циклін әлемдік экономикалық дағдарыс басталғанға дейін жедел өткізу маңызды. Ол бүкіл мемлекеттік органдардың, Үкі­мет пен Парла­менттің сайлау өт­кізуге алаңда­май, дағдарысқа қар­сы шаралар­ды іске асыруға жаппай жұмы­луына мүмкіндік береді. Екіншіден, қазіргі әлемді тұ­рақсыздық жайлап барады. Еуро­паның өзінде осы уақытқа дейін тұрақтылығы берік болып келген тұтас мемлекеттер айтар­лықтай экономикалық дағдарыс­ты бастан өткеруде. Бізде ұстан­ған ба­ғыт­тың дұрыстығының ар­қа­сын­да ғана экономиканың тұ­рақты даму қар­­қыны сақталуда және әлеуметтік жаңғыру жүзеге асуда. Сайлау цикл­дарын жедел өткізу осынау үрдісті сақтауға, жүргі­зі­ліп жат­­­қан саясаттың са­бақ­тас­тығын жал­ғас­­ты­руға мүм­кін­дік бере отырып, даму тен­ден­ция­сы­ның сақталуын одан әрі қам­тамасыз ететін болады», - деді үндеу туралы баспасөз мәслихатында депутат Н. Сабильянов. Үш­ін­ші себеп Қазақстан 2011 жылы ел Тәу­елсіздігінің 20 жыл­­­­дығын атап өтеді. Бұл ел да­му­ындағы маңызды белес. Келесі жылы Қазақстан өз дамуының нақты жаңа кезеңіне қадам ба­сады. Сон­дықтан оны жаңа, жа­ңар­­тылған Үкіметпен және Парламентпен бастаудың символдық мәні зор. Төртіншіден, қолданыстағы заң­намаға сәйкес сайлау қо­ры­тын­ды­сына қарамастан келесі Мәжіліс кемінде екі саяси партиядан жа­сақ­талады. Осыған бай­ла­нысты көппартиялы Парламентті жасақ­тауға мүмкіндік беретін демо­кра­тиялық тетікті көп кешіктірмей іске асырған жөн. Бұл қадам Қа­зақ­станның көппар­тиялық және саяси плюрализм идеяларына адал­дығын білдіреді. Бесіншіден, келесі жы­лы Мә­жі­ліс пен мәслихаттар де­пу­тат­та­ры­ның сайлауын өткізу мерзімі басталады. Оны үйлес­ті­ріп, бір мез­­гілде өткізген жөн. Бұл әлем­­дік дағдарыс жағдайын­да сайлау циклін ұзақ мерзімге созбауға жағ­дай туғызады. Оған қоса бұл шара сайлауды ұйым­дас­тыруға жә­не өт­кізуге жұмсалатын бюджет шығы­нын айтар­лықтай азай­туға мүмкіндік береді. Үндеуге 53 депутат қол қойған.

* * *

Осы аптаның жұмасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы болып өтті. Форум жұмысына аграрлық саланың 2000-нан астам қызметкерлері, ел Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов, Парламент палаталарының төрағалары, министрлер мен облыс әкімдері, ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі комитеттері аумақтық инспекция өкілдері мен қызметкерлері, ауыл шаруашылық саласындағы қоғамдық ұйымдардың басшылары және осы шаруашылықта ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер қатысты. Республикалық жиын барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «он-лайн» режімінде екі агроөнеркәсіп секторының серпінді жобаларын іске қосты. Оның бірі - Алматы облысының Кербұлақ ауылында орналасқан көкөніс қоймасы болса, екінші нысан - Ақмола облысының Азат ауылындағы мал бордақылау алаңы.

Бұдан соң, Мемлекет басшысы форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Үкімет пен жергілікті билік алдына саланы одан әрі дамытуға қатысты бірнеше міндеттер жүктеді. «Халқымызда «Ауыл - ат байлар асыл қазынамыз» деген қанатты сөз бар. Расында да, ауыл біздің қастерлі қазынамыз, тіршілік тынысымыз, киелі алтын тамырымыз болып табылады. Біз индустриялық-аграрлық елміз. Яғни, ел экономикасының екі басым бағыты бар. Бұл - индустрия және аграрлық сала - екеуі де бірдей. Ауыл шаруашылығы қашан да ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болған, солай қала береді де», - деп бастады сөзін Елбасы. Сонымен қатар, Президент Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ауыл шаруашылығы алапат дағдарысты бастан өткергенін, дегенмен, бұл қиындықтар сәтті еңсеріліп, ауқымды жаңғыру арқылы жасампаздықтың 20 жылдығында ауылдың еңсесін тіктеп, өнеркәсіпті өрге сүйреткенімізді алға тартты. Осы жолда ерен еңбек үлгісін көрсеткен ауыл шаруашылығы қайраткерлеріне алғысын да жеткізді. «Биылғы мерейлі жылда егін бітік шықты. Қамбамыз астыққа толды. Бұрын болып көрмеген зор табысқа жеттік. Биылғы астық Қазақстан үшін рекордтық болды. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ерен табысқа жетіп, ел ырысын еселеп, тәуелсіздік тойына лайықты тарту жасады. Сондықтан, бүгінгі кездесуді қуанышты, мерекелі кездесу деп айтуға да болады. Бұл Сіздердің тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнаған тартуларыңыз, төгілген тердің өтеуі, ерен еңбектің нәтижесі деп білемін», - деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, сөз арасында Президент Н. Назарбаев Үкімет пен облыс әкімдеріне аграрлық секторды дамыта түсу үшін бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді. Біріншіден, Мемлекет басшысы Үкіметке аграрлық сектордағы мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдеріне өтуге арналған «Жол картасын» әзірлеуді тапсырды. Бұның ішінде Елбасы мал шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға баса назар аударуды жүктеді. «Жолдауда айтылған өңдеу өнеркәсібін екі есеге арттыру туралы міндетті қалай орындаймыз? Тек қана өңдеу саласын дамыту арқылы осыған қол жеткізуге болады. Бүгінгі күні бизнес өкілдеріне ауылға барған маңызды. Өйткені онда нарық бар. Сондықтан да осы мәселеге баса назар аударылса игі», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы жүктеген екінші маңызды міндет отандық аграрлық ғылымды реформалауға қатысты болып отыр. «Ауыл шаруашылығы инновациялық болуы қажет. Бізге отандық аграрлық ғылымды дамытатын нақты бағдарлама қажет. Он жылда мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибелерді дамытуға бағыттаған шығысы 20 млрд. теңгеден асады. Біздің ғалымдарымыз, мәселен, бидайдың жоғары өнімділігін бөліп шығарды. Алайда, бұларды түбегейлі қолдану әлі де көрініс таппай отыр. Неге бұлай? Ғалымдар ондаған жылдарын сарп етіп жаңа сұрыптар, агротехнологиялар шығарады, сосын мемлекеттік комиссия әлгі жаңалықты ендіру керек пе, жоқ па, соны үш жыл бойы қарайды. Ал ғылым бір орнында тұра ма? Сондықтан да, ең ақыры біздің ғалымдарымыздың еңбегі ешкімге керексіз болып жатыр», - деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Президент отандық ғылымды ынталандырып, оның жаңалықтары өндіріске енуі, сол арқылы ғылым табыс табуы керектігін атап өтті.

Бұдан бөлек, өз сөзінде Елбасы аграрлық саласындағы кадрмен қамту мәселесін де көтерді. Президенттің айтуынша, бүгінгі күні 43 ветеринарлық зертханалардың құрылысы жүргізілуде. Алдағы жылы тағы 63 зертхана салынады. Ал бұл нысандарда, жаңа қондырғыларда білікті маман керек. Осыны ескерген Н. Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Білім және ғылым министрлігіне білікті кадр даярлау мәселесін қарастырып, тиісті шаралар қабылдауды жүктеді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша аграрлық сала мамандарын шетелге оқытуға квотаны кеңейту қажеттігін де атап өтті.

Тағы бір маңызды мәселе агроинновацияны енгізуге байланысты фермерлерді ынталандырудың тиімді шараларына қатысты болып отыр. «Шетелдік озық технология әзірше ірі, орта шаруашалықтарға ғана қолжетімді. Бұл белгілі. Ал көптеген уақ фермерлердің оны қолдануға мүмкіндігі жоқ. Бізде мыңдаған шағын шаруашылық бар. Сондықтан да, барлық облыс әкімдері Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге бұндай уақ шаруашылықтарды ірілендіруге жұмылуы керек», - деді Н. Назарбаев.

Атқарушы билікке бағытталған тапсырмаларының ішінде Президент монодақыл өсруден кетіп, саланы әртараптандыруға ерекше назар аударды. Расында бидайдың рекордтық өнімінен келер пайдадан гөрі, дақылдарды әртараптандырудың маңызды болатыны бұған дейін де көтеріліп жүрген өзекті проблеманың бірі. Бұны Елбасы да әртүрлі жағдайда еске салып келген еді. Ал аграршылар форумы барысында осы бағытта нақты тапсырмалар жүктелді. «Мен бұған дейін де бірнеше рет басы артық егін алқаптарын, бидай егістіктерін оңтайландыру керектігін айтқанмын. Бұл ретте жем-шөптік, жарма, бұршақты дақылдарды, майлы дақылдар өсіруді кеңейтуге тиіспіз. Ашығын айтайықшы, біз 30 млн. тонна бидайға қуанамыз. Жеңіс, жетістік екені рас. Алайда, артық өндіру дағдарысына ұрынып отырмыз. Бізде бүгін бидайды қайда сату мәселесі өзекті. Біздің қазақстандық ішкі сұранысымыз 7 млн. тонна ғана. Ал жақын көршілерден сатып алынатын экспорт тағы 7 млн. тонна. Міне, бізге керектісі 14 млн. тонна ғана. Ал Балтық жағалауына, Қара теңізге бидайларымызды жеткізу үшін әрбір тоннасын 40 доллардан субсидиялап жатырмыз. Сонда бұнымыз не? Өзімізді шығынға батыру үшін төлеп жатырмыз ба? Осыны ойлану керек», - деді Н. Назарбаев. Осыған орай Президент Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне фермерлер үшін егіс алқаптарын әртараптандыруға бағытталған ынталандыратын тетік әзірлеуді, сондай-ақ еліміздегі барлық жерлердің инвентаризациясын жасап, хаттауды жүктеді. Осы тапсырмаға сәйкес, еліміздің өңірлері бойынша жердің әлеуетін анықтау жүктеледі. Ол бойынша жердің ауыл шаруашылығы айналымына енгізу әлеуеті де зерттеледі. Инвентаризация қорытындысына сәйкес, әрбір өңірлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын әртарапты өсіруге байланысты нақты жоспарлары жасалатын болады. «Бірер аптадан кейін біз Тәуелсіздігіміздің ерекше мерейлі күніне қадам басатын боламыз. Бұл тек қана ерекше тарихи күн емес, біздің келешек жолымызды санаға түйетін де кезеңіміз. ХХІ ғасырда жетістікке тек қана инновациялық көшбасшы мемлекеттер қол жеткізе алады. Сондықтан да, индустриялы Қазақстан, инновациялы Қазақстанға айналуы керек. Бұл агроөнеркәсіптік кешенге байланысты», - деді форумды қорытындылаған Елбасы Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, Президент жиын барысында аграрлық секторды ерен еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге тағы бір мәрте алғысын айтып, мерейлі мереке қарсаңын ескере келе, үздік танылған үш азаматқа Еңбек Ері атағын берді. Осы күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы, өңдірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін Двуреченский Валентин Иванович («Заречное» ЖШС директоры, Қостанай облысының Қостанай ауданы), Кенжебаев Әділхан Айтқазынұлы («Қазэкспортастық агрофирмасы» ЖШС бас директоры, Ақмола облысының Зеренді ауданы), Молдабеков Руслан Жұмабекұлы («Тайынша-Астық» ЖШС бас директоры, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы) Қазақстанның Еңбек Ері атағымен наградталды.

Соңғы жаңалықтар