ХХІ ғасырда қазақтар мемлекет құраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтерілді - Н.Назарбаев

None
None
АНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ХХІ ғасырда қазақтар мемлекет құраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналуда.

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай атап  өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ұлыстың ұйытқысы болған қымбатты қандастарым, қадірлі қазақ бауырларым! Бүгінде дүниежүзінде 200-ге таяу мемлекет бар. Ал 3 мыңға жуық этностың өзіндік ұлттық мемлекеті жоқ. Біз ата-бабаларымыздың аңсаған арманына қол жеткізіп, мыңжылдықтың түйіскен тоғысында тәуелсіз мемлекет құрдық. Біз, қазақтар, араға ғасырлар салып өз жерімізде алғаш рет еркін тыныстап, еңсе тіктедік. Қазақ тілі өркен жайып, балаларымыз ана тілінде тәрбие алуда.

Тағдырдың жазуымен, тарихтың талқысымен қазақ жерін паналаған түрлі этнос өкілдерімен бірге ортақ Отанымызды көркейту жолында аянбай тер төгудеміз. Олар біздің қиын кезеңде, сын сағатта көрсеткен қамқорлығымызға риясыз алғыс айтады», деді Мемлекет басшысы сессияда сөйлеген сөзінде.

 «Дәуір алмасып, заман өзгерді. Қазір байырғы қазақ жерінде жаңа азаматтық қоғам қалыптасуда. ХХІ ғасырда қазақтар мемлекет құраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналуда. Қазақ халқы өзіне жүктелген аса маңызды жауапкершілікті сезіне отырып, бұл тарихи миссияны абыроймен атқарып шығады деп сенемін», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар