ХХІ ғасыр соңына дейін мұхит түсі өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Массачусетс технологиялық институты ғалымдары климаттың өзгеруі мұхиттағы фитопланктонға әсер етіп, он жылдан кейін бұл мұхит түсінің өзгеруіне алып келетінін анықтады. The Nature журналының жазуынша, мұхит түсі жасыл немесе қанық көк түске боялуы мүмкін.

«Ғалымдар мұхит экожүйесіндегі алғашқы өзгерістерді спутник арқылы бақылап, бірінші болып байқайтын болады. Олар жаһандық жылыну кезіндегі фитопланктонның жарықты жұтуын қадағалап, оның мұхит түсіне әсері барын анықтаған», - деп жазады басылым.

Автордың пайымынша, 2100 жылға қарай әлемдік мұхиттың түсі қазіргіден 50 пайызға өзгереді.

«Ғалымдардың айтуынша, мұхиттың көк түсті жерлері одан сайын қоюлана түседі, ал полюстерге жақын орналасқан мұхит суының түсі жасыл болады» деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар